"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Денсаулықты таңдаңыз!

Previous Next

Жастар арасында Ғабит Мүсірепов ат. облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Спортты таңдаңыз-денсаулықты таңдаңыз!» брейн-ринг өтті.
Салауатты өмір салты тақырыбындағы зияткерлік ойынға Жастар ресурстық орталығының еріктілері мен Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатарынан екі команда қатысты.
Солтүстік Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының маманы Оксана Симухина іс-шараға қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.
Сондай-ақ, ол қатысушылармен АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында әңгіме өткізді. Қатысушыларға АИТВ және ЖИТС туралы ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.
Ал СҚО полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының жедел уәкілі полиция капитаны Милена Балацкая алаяқтықтың алдын алу туралы айтты.

Записаться на прием