24 желтоқсанда Тайынша ауданы, Тайынша қаласында облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы орталығының мамандары жастарды қоса алғанда, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шаралар Тайынша агротехникалық Агробизнес колледжінің оқушылары мен педагогтары арасында және «Элеватор Тайынша» ЖШС бизнес-құрылымында жұмыс істейтіндер үшін орталық маманы О.Симухина ауданның Кәсіпкерлер Палатасы филиалының басшысы А. Нұрахметпен бірлесіп өткізілді.
АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша тақырыптық ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Өз қалауы бойынша 60 адам мейіргер С. Богаченко жүргізген АИТВ-статусын анықтау үшін экспресс-тестілеуден өтті.
Жаңалықтар
Тайынша ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Қаралды: 120