"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Мұғалімдерге арналған АИТВ алдын алу бойынша семинар

Previous Next

АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыс орталығының педагог-ұйымдастырушыларға арналған семинар ұйымдастырады. Іс-шара 2024 жылғы 19 қарашада сағат 11:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында «Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы және Жастар ресурстық орталығы семинар ұйымдастырды. Семинарға балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастырушы-педагогтары қатысты.
Семинардың мақсаты-жастар арасында АИТВ алдын алу және өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелерінде педагогтардың, медицина мамандарының және құқық қорғау органдары өкілдерінің күш-жігерін біріктіру. Сонымен қатар, қатысушылар психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу, суицидтер, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және кибер алаяқтық сияқты маңызды тақырыптарды талқылады.
Іс-шара спикерлері:
– облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының өкілі Симухина Оксана;
- психологиялық қолдау орталығының маманы Наталья Качалкина;
- СҚО ПД киберқылмысқа қарсы күрес тобының жедел уәкілі полиция капитаны Балацкая Милена Игоревна.
Семинарға қатысушылар балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу үшін практикалық ұсыныстар алды, сондай-ақ дені сау және гүлденген ұрпақты тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуде тәжірибе алмасты.

Записаться на прием