"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Петропавлда спорттық квесті өтті

Previous Next
2024 жылғы 31 мамыр күні Балаларды қорғау күні қарсаңында «Тұлпар» жасөспірімдер клубы Петропавл №23 орта мектебінің базасында «Шытырман оқиғалылар» квест-ойынын ұйымдастырды. Іс-шараға облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөіндегі орталығының және қаланың жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
Ойында бес клубтан тұратын командалар бақ сынады. Әр командада-              5-6 сыныптардың бес оқушысы қатысты.
Стартта командалар станциялардан өту тәртібімен маршруттық парақ алды.
Станциялар мектеп ауласында орналасқан (футбол алаңы, спорт алаңы, хоккей корты, беседка және т.б.). Балалар әр станцияға кезекпен жүгіріп, тапсырмаларды орындауы керек еді: «жараланғанды» тану, арқанмен секіру, гол соғу және басқалар. Олар үшін командаларға белгілі бір ұпай саны берілді. Көп ұпай жинаған команда жарыстың жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, квесттің негізгі бөлігін өткізгеннен кейін команда өкілдері АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухина дайындаған экспресс-викторинада күресуге мүмкіндік алды.
Іс – шараның басты міндеттерінің бірі-дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншілікті ояту, балаларға спорттық формада салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Квест қатысушылары грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Записаться на прием